АХҚО аудиториясына не ұнамайды- B2C-аудиторияға арналған форматтар
Мұндай контент орталықтың міндеттерімен сәйкес келмейді. АХҚО оқырмандары — кәсіби мамандар, компания өкілдері, инвесторлар, сондықтан кең аудиторияға арналған жеңіл ойын-сауық контент оларды қызықтыра бермейді. Мамандарға пайдалы ақпарат, сараптамалық құндылық және нақты инсайттар маңызды.
АХҚО әр постта идея мен визуалды акцентің болуын қадағалайды: инфографика, иллюстрация немесе қандай да бір креативті элемент. Егер контент баспасөз релизі сияқты көрінсе (тіпті карталар форматында жасалған болса да), ол оқырмандар тарапынан дұрыс бағаланбайды.
- Видеодағы кіріспенің ұзақ болуы
Көптеген корпоративтік аккаунттар әлі күнге дейін роликтің басында 3–5 секундтық брендтелген кіріспені қолданады, бірақ әлеуметтік желілер үшін бұл қате әдіс. Себебі, алғашқы секундтар өте маңызды: егер қолданушы видеоны қарамай, өткізе салса, алгоритм оны ілгерілетуді тоқтатады. Сондықтан АХҚО интро-плашкалардан толығымен бас тартты және кадрға бірден әрекет, қозғалыс немесе эмоция арқылы кіреді — статистика бұл шешімнің тиімді екенін көрсетті.
Команда визуалды сценарийді бөлек әзірлейді: егер ролик 50 секундтан ұзақ болса, оны әр кадрында қандай да бір іс-әрекет болатындай 2–3 секундтық қысқа клиптерге бөледі: пландардың өзгеруі, зум, камераның қозғалысы. Бұл көрермен назарын соңына дейін сақтауға көмектеседі және қаралым санын арттырады. Төменде осыған нақты мысалдар келтірілген.
https://www.instagram.com/p/DOLG4ufiBVc — 354 лайк, 10 пікір, ER 2,90%
https://www.instagram.com/p/DJWHmdms4Fm — 245 лайк, 2 пікір, ER 1,97%
https://www.instagram.com/p/DIylCKIig5M — 243 лайк, 1 пікір, ER 1,95%