PR Drive

10 наурыз 2026

B2B сегментінде бір жылда 2 миллионнан астам қаралым: АХҚО × LiveDune кейсі
Photo by dlxmedia.hu on Unsplash
Біз Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның көшбасшысы - «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуметтік желілеріне жауапты командамен тілдестік. LiveDune командаға әлеуметтік желілердегі міндеттерді: метрика жинау, KPI-ды қолайлы түрде бақылау және миллиондаған қаралымды қалай жинау керектігін айтып береді.
Компания профайлы

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) — GFCI рейтингі бойынша Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңіріндегі №1 қаржы орталығы. Ұйым халықаралық стандарттарға сай жұмыс жасап, дамыған қаржылық инфрақұрылым, тәуелсіз сот жүйесі және инновациялар арқылы бизнеске капитал тартуға көмектеседі. АХҚО-ның негізгі аудиториясы — бизнес қауымдастық өкілдері, инвесторлар мен халықаралық серіктестер.

2023 жылдан бастап АХҚО командасы LiveDune платформасын қолдана бастады. Ұйым «бір терезе» қағидаты бойынша, яғни әлеуметтік желілердің толық аналитикасы, KPI-ды бақылау, есептерді жүктеу және түсінікті интерфейсте жұмыс істеу үшін, арнайы жолдарды іздей бастады.


LiveDune платформасымен бір жыл жұмыс істеу барысында АХҚО-ның корпоративтік коммуникациялар командасы мынадай нәтижелерге қол жеткізді:

✓ Барлық алаңдарда 2 миллионнан астам органикалық қаралым жинады;
✓ Жазылушылар саны тұрақты түрде өсіп отырғанына қарамастан, B2B сегменті үшін жоғары деңгейдегі аудиторияның тартылу көрсеткішін (ERR) сақтай алды;
✓ Біртұтас аналитикалық платформа арқылы әлеуметтік желілердегі метрикаларды талдау мен есептерді дайындау процесін жеңілдетті.

Орталық мамандары сервис, баға мен сапа арақатынасы тұрғысынан платформа бар сенімді ақтағанын атап өтті: ол бірден бірнеше қызмет атқаруға мүмкіндік беріп, түрлі дереккөздерден метрикаларды қолмен жинау қажеттілігін жояды.


SMM-нің мақсат-міндеттері

АХҚО-ның негізгі міндеті — орталықтың беделін нығайту және оны өңірдегі жетекші қаржылық хаб ретінде позициясын күшейту. Бұл стратегияда әлеуметтік желілер маңызды рөл атқарады. Ол:
  • қаралымды көбейтуге;
  • орталық үшін маңызды месседждерді ілгерілетуге;
  • қаржы орталығының жаңа бастамалары мен мүмкіндіктері туралы бизнес қауымдастықты ақпараттандыруға;
  • сенімді нығайтып, кәсіби қауымдастықтың қызығушылығын сақтауға, бизнес-аудиторияны тартуға, мамандардың, серіктестердің және инвесторлардың қызыушылығын арттыруға;
  • өңірдегі қаржы индустриясының дамуын және жаңа қатысушылардың өсуін қолдауға мүмкіндік береді.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Дубай, Катар, Сингапур сияқты ірі жаһандық қаржы орталықтарымен бәсекелеседі. Цифрлық кеңістікте де бәсеке баршылық, сондықтан біз контент сапасына және ойдың нақтылығына ерекше мән береміз. Әлеуметтік желі — біз үшін қаралым жинайтын жер емес.
Олардың басты мақсаты — АХҚО-ға деген сенімді нығайту және тірек бола алатын ұйымның орнықты бейнесін қалыптастыру. Біз коммуникациялардың мазмұндылығы мен айқындығына назар аударамыз, ал трендтерді тек олар негізгі мән-мағынаны жеткізуге және орталықтың стратегиялық мақсаттарын ілгерілетуге көмектескен жағдайда ғана өзімізге бейімдеп аламыз.
Елена ПАК
АХҚО-ның коммуникациялар және маркетинг жөніндегі бас директоры
АХҚО деректері бойынша LiveDune-ның ең пайдалы 3 функциясы:

  • өткен жылдардағы статистикаға қол жетімділік;
  • ыңғайлы әрі түсінікті интерфейс;
  • барлық платформалардағы статистиканы бір терезеде біріктіру мүмкіндігі.
АХҚО-ның әлеуметтік желілерін бес маман жүргізеді. Айына кемінде екі рет команда негізгі платформалар бойынша SMM жай-күйін тексеру үшін LiveDune жүйесіне кіреді. Сервис орталықтың негізгі арналарына — Instagram, LinkedIn және Telegram-ға қосылған және барлық аккаунттар бойынша деректерді бір терезеде синхрондайды.


LiveDune АХҚО-ға қалай көмектеседі

SMM аналитикасы: деректерді біріктіру және ұзақмерзімді статистика

АХҚО-ға LiveDune несімен пайдалы болғаны туралы мысал:

B2B сегментінде танымал болу мен креативті өсім қырағылықтан көзді қанық етуден басталады. Контент әлемінде не болып жатқанын үнемі бақылап, трендтерді қадағалап, өтімді әдістерді талдап, оларды өз міндеттерімізге бейімдеу қажет. Сонымен қатар тұрақты аналитика жүргізу және ұзақ мерзімге арналған көрсеткіштерге қол жеткізу маңызды.
Бізден өткен тоқсанға немесе тіпті алдыңғы жылға қатысты статистика сұраған кезде, LiveDune бұл міндетті барынша жеңілдетеді: небәрі бірнеше басып, барлық қажетті ақпаратты жүктеп аламыз.
Әсіресе, мысалы, Instagram платформасында статистика тек соңғы 90 күнге ғана қолжетімді болатынын ескерсек, LiveDune арқылы әлдеқайда ұзақ кезеңдегі деректерді талдауға мүмкіндік пайда болады.
Әуез ҚАНАШ

АХҚО-дағы корпоративтік коммуникациялар бағытының жетекшісі

Контентті тестілеу және айдарларды таңдау

LiveDune арқылы АХҚО командасы түрлі контент форматтарын сынайды және олардың тиімділігін бағалайды. Жұмыс барысында қызметкерлердің жеке оқиғалары да қолданылған, алайда әдейі әзіл-сықақ немесе ойын-сауық бағытындағы бейне-контентке терең бойламаған. Жеке оқиғалар әрдайым рекордтық қаралым әкелмесе де, аудитория реакциясы сияқты тұрақты нәтиже көрсеткен. Қазіргі таңда мұндай жарияланымдар контент жоспарының шамамен төрттен бірін құрайды және сарапшылыққа негізделген, тығыз күн тәртібін әртараптандыруға көмектеседі.
B2B аудиториясы үшін бұл өте маңызды: мұндай айдарлар сенімді арттырады, брендтің артында тірі адамдар тұрғанын көрсетеді және коммуникацияны ашық етеді.
Уақыт өте келе АХҚО SMM контентіне нақты стратегия жасап, енді не жариялау керектігін және не жариялауға болмайтынын нақты біледі.

АХҚО аудиториясына не ұнайды

  • Адамдар қатысқан жарияланымдар

Кадрда нақты адамдар көрсетілген контент дәстүрлі дизайнерлік визуалдарға қарағанда тұрақты түрде жоғары қаралым деңгейін көрсетеді. Көп жағдайда бұған іс-шаралар, іскерлік кездесулер немесе жұмыс процестерінің фотосуреттері жатады.
Жоғарыда сипатталған контентке мысал:
https://www.instagram.com/p/DMFkGgaMOdG – 411 лайк, 79 пікір, ER 3,91%
https://www.instagram.com/p/DNnG3edscE9 – 264 лайк, 0 пікір, ER 2,11%
https://www.instagram.com/p/DMxasi9s1Rd – 207 лайк, 44 пікір, ER 2%
  • Видеоформаты, особенно Reels
Короткие видео дают хорошие результаты относительно всего контента МФЦА, но команда принципиально не делает их «ради тренда».

Елена Пак уверена: главный риск в B2B — погоня за охватами ценой доверия. Если контент не продвигает ключевые месседжи или не раскрывает преимущества продукта, его ценность стремится к нулю, даже если тренд принесет сотни тысяч просмотров. Тренды нужно адаптировать так, чтобы человек после просмотра узнал что-то новое о бренде, продукте или экосистеме.
Пайдалы болу мен сараптамалық ой негізгі орында қалады, ал формат тестілеу, аналитика және аудиторияның кері байланысымен тұрақты жұмыс арқылы таңдалады.
АХҚО аудиториясына не ұнамайды

  • B2C-аудиторияға арналған форматтар
Мұндай контент орталықтың міндеттерімен сәйкес келмейді. АХҚО оқырмандары — кәсіби мамандар, компания өкілдері, инвесторлар, сондықтан кең аудиторияға арналған жеңіл ойын-сауық контент оларды қызықтыра бермейді. Мамандарға пайдалы ақпарат, сараптамалық құндылық және нақты инсайттар маңызды.

  • Мәтіндік жарияланымдар
АХҚО әр постта идея мен визуалды акцентің болуын қадағалайды: инфографика, иллюстрация немесе қандай да бір креативті элемент. Егер контент баспасөз релизі сияқты көрінсе (тіпті карталар форматында жасалған болса да), ол оқырмандар тарапынан дұрыс бағаланбайды.

  • Видеодағы кіріспенің ұзақ болуы
Көптеген корпоративтік аккаунттар әлі күнге дейін роликтің басында 3–5 секундтық брендтелген кіріспені қолданады, бірақ әлеуметтік желілер үшін бұл қате әдіс. Себебі, алғашқы секундтар өте маңызды: егер қолданушы видеоны қарамай, өткізе салса, алгоритм оны ілгерілетуді тоқтатады. Сондықтан АХҚО интро-плашкалардан толығымен бас тартты және кадрға бірден әрекет, қозғалыс немесе эмоция арқылы кіреді — статистика бұл шешімнің тиімді екенін көрсетті.

Команда визуалды сценарийді бөлек әзірлейді: егер ролик 50 секундтан ұзақ болса, оны әр кадрында қандай да бір іс-әрекет болатындай 2–3 секундтық қысқа клиптерге бөледі: пландардың өзгеруі, зум, камераның қозғалысы. Бұл көрермен назарын соңына дейін сақтауға көмектеседі және қаралым санын арттырады. Төменде осыған нақты мысалдар келтірілген.

https://www.instagram.com/p/DOLG4ufiBVc — 354 лайк, 10 пікір, ER 2,90%
https://www.instagram.com/p/DJWHmdms4Fm — 245 лайк, 2 пікір, ER 1,97%
https://www.instagram.com/p/DIylCKIig5M — 243 лайк, 1 пікір, ER 1,95%
АХҚО сарапшыларының пікірінше, квазимемлекеттік сектордағы қызықты контенттің құпиясы — көркемдік талғамды қалыптастыру мен жүйелі тәжірибеде. Әлеуметтік желіде үнемі сынақтан өткізетін, тест жасайтын, салыстыратын және қорытынды шығаратындар жеңіске жетеді. Қаншалықты көп формат сынақтан өткізілсе, команда соғұрлым өз мақсатына жету үшін, ненің тиімді жұмыс істейтінін жақсы түсінетін болады.
SMM-де жеке қағидаттарды қалыптастыру

  • Репосттар қаралымнан да маңызды
B2C сегментінде репосттарды көбіне мемдер мен ойын-сауық контенті жинайды. Ал B2B-де логика мүлдем бөлек. АХҚО қаржы, инвестиция, аналитика сияқты күрделі тақырыптармен жұмыс істейді, сондықтан пайдаланушы мұндай материалмен бөліссе, бұл кездейсоқ әрекет емес, саналы таңдау болып саналады.
Мұндағы әрбір репост — сенім мен өзектіліктің белгісі. Бұл, шын мәнінде, брендтің сараптамалық деңгейін мойындау және оны өз кәсіби аудиториясына ұсыну. Сол себепті АХҚО үшін репосттар қаралымнан да маңызды: олар контентті қанша адам көргенін емес, оның кімдер үшін шын мәнінде құнды болғанын көрсетеді.
АХҚО-ның Инстаграмдағы пайдалы контентінің статистикасы

АХҚО-ның Инстаграмдағы пайдалы контентінің статистикасы
  • Әлеуметтік желі шамадан тыс күрделі болуды ұнатпайды
B2B саласында жұмыс істесеңіз де, қарапайым, адамға түсінікті тілде сөйлеген дұрыс. Күрделі процестерді жеңіл әрі түсінікті етіп түсіндіру брендті аудиторияға жақын етеді. Ең бастысы — «өз адамыңдай» болу: ашық, табиғи болу, кеңсе стиліндегі ауыр сөздер мен күрделі тұжырымдарды қолданбау.
АХҚО-ның жаңа өнімінің анонсы түсінікті тілде ұсынылған
Біздің контент күрделі: қаржылық өнімдер, реттеуші тақырыбы, техникалық детальдар бар. Біз бәрін жүйелеп, кең аудиторияға контексті түсіндіруге және ақпаратты адамға барынша түсінікті етіп жеткізуге тырысамыз. Аудитория түсінсе — ол белсенді араласады. Ал араласса — сенім қалыптасады.
Назерке САЙЛАУОВА
АХҚО-ның корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері
  • Аудиторияға мағынасы алғашқы секундтардан-ақ түсінікті болатын ықшам, жеңіл әрі түсінікті контент жақын
Соның нақты мысалдарының бірі — тіркелген компаниялар санына қатысты ақпаратпен жұмыс. Бүгінде АХҚО экожүйесінде 4,5 мыңнан астам компания бар, ал әрбір «дөңгелек» көрсеткіш маңызды оқиғаға айналады.

Экожүйеге үш мыңыншы компания тіркелген кезде команда стандартты баспасөз релизімен шектелмей, жаңалықты креативті түрде ұсынуды жөн көрді және қысқа видеоролик дайындады. Нәтижесінде ол Instagram желісінде 17 мыңнан астам қаралым жинап, басқа платформаларда да жоғары нәтиже көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/C-uKwxCshZg/?igsh=MWx1bm5qZDA2NGZtYw== 542 лайк, 38 пікір, ER 12.55%, 17 195 қаралым

Тіркелген компаниялар саны төрт мыңға жеткен кезде, команда күрделі сценарийді қолданып көрді — қойылымы, сюжеттік желісі мен визуалдық бөлігі мұқият ойластырылған форматты таңдады. Видео әдемі шыққанымен, күткен нәтиже бермеді: алғашқы видео пайдаланушыларға көбірек ұнады.
https://www.instagram.com/reel/DLEgK-aJ3cb/?igsh=MWhmZW16NmJyN2MyZA== 179 лайк, 26 пікір, ER 4.43%, 6594 қаралым
Дәл осы кейс арқылы команда маңызды қорытындыға келді: контент неғұрлым қарапайым әрі шынайы ұсынылса, соғұрлым аудиторияның қызығушылығы жоғары болады. Бұл тәжірибе маңызды инсайтқа айналды — аудиторияға артық түрлендірусіз, түпкі мәнін жоғалтпайтын, мағынасы бірден түсінікті болатын, ықшам, жеңіл әрі түсінікті контент жақын.

АХҚО-дан лайфхак: LinkedIn-де нативті түрде қалай ілгерілеуге болады

LinkedIn-де органикалық ілгерілетуге арналған, көпшілік бағалай бермейтін — компаниялар мен спикерлерді тегтеу сынды тамаша құрал бар. Постта адамдарды немесе ұйымдарды белгілегенде, олардың тарапынан бір ғана лайк немесе пікірдің өзі — жарияланымның олардың таныстарының лентасына таралуына жеткілікті болады.
Пост в LinkedIn МФЦА, 69 реакций
Осылайша сіз қосымша жарнама бюджетісіз-ақ тиісті бизнес-аудитория арасындағы қамтуды кеңейтесіз: контентті кәсіби қауымдастықтың өз мүшелері алға жылжытады.

АХҚО-ның тағы бір байқағаны:
✅ LinkedIn-де PDF-файл қосылған жарияланымдар тұрақты түрде көбірек репосттар мен реакциялар жинайды. Пайдаланушыларға тек жаңалықтар ғана емес, практикада қолдануға болатын контент: есептер, зерттеулер, шолулар, инфографика да қызықты.
Пост в LinkedIn МФЦА, 11 репостов
Біз мұндай қорытындыға посттардағы слайдер-ілеспелер және PDF-файлдар арқылы аудиторияға оқырмандардың көптеп келуін сынақтан өткізгеннен кейін келдік. Жалпы, LinkedIn-де оқырмандар үшін ыңғайлы формат PDF болып шықты. Енді біз осы форматта үлкен аналитикалық есептерді де, бұрын слайдерлерге арналған контентті де жариялаймыз.
Осындай жарияланымдардың әлеуметтік факторлары да бар: есеп немесе нұсқаулықты репост жасау кәсіби тұрғыдан биік көрінеді және жеке бренд үшін эмоциялық контент немесе жеке пікірге қарағанда қауіпсізден болып келеді. Бұл формат аудитория үшін бір мезгілде ыңғайлы әрі пайдалы болады және біздің SMM мақсатымызға да қызмет етеді.
Мадина КАРИМОВА
АХҚО корпоративтік коммуникациялар бөлімінің аға менеджері
Қорытынды

LiveDune әлеуметтік желілермен жұмысты жүйелі етті: енді команда қажетті метрикаға бірнеше минутта қол жеткізіп, әр канал бойынша динамиканы көре алады және әрдайым жаңартылған деректер негізінде контент стратегиясын жедел түзете алады.
Мен LiveDune-ды SMM-аналитика үшін жұмыс құралы ретінде ұсынамын. Ол түрлі каналдар бойынша деректерді жинауға және консолидациялауға ыңғайлы, динамиканы жылдам көруге мүмкіндік береді және команданың статистиканы қолмен жинауға кететін уақытын үнемдейді.
Әуез ҚАНАШ
АХҚО-ның корпоративтік коммуникациялар бағытының жетекшісі
Подписывайтесь на PR Drive в Instagram