Бұл ұсынылып отырған жұмыс медиа жүйесінің қазақ тілін үйрену үдерісіне әсерін зерттеуге арналған. Зерттеудің теориялық негізі білім берудегі инновациялық әдістерге баса назар аудара отырып, қолданыстағы медиа және тілдерді оқыту теорияларына негізделген. Мәдениет пен заманауи технологиялардың аспектілерін біріктіре отырып, біз қазақ тілін меңгеру процесінде медианы пайдалану ерекшеліктерін анықтауға тырысамыз.
Жұмысымыздың мақсаты медианың қазақ тілін меңгеру үдерісіне әсерін зерделеу, одан кейін практикалық ұсыныстар әзірлеу болғандықтан, осы мақсатқа жету үшін алдымызға бірнеше міндеттер қоямыз. Олар:
- әдебиеттерге шолу жасау,
- теориялық талдау,
- Қазақстанның мәдени мәнмәтінін зерттеу,
- медиа ресурстардың мазмұнын талдау,
- сауалнамалар мен бақылаулар жүргізу,
- сондай-ақ практикалық ұсынымдар әзірлеу болып келеді. Зерттеу нәтижелері
медианы пайдалана отырып, қазақ тілін оқыту процесін жақсарту үшін пайдаланылатын болады және ғылыми жарияланымдар мен презентацияларда ұсынылатын болады.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы медиа және тілдерді оқытудың теориялық негіздерін құрайды. Сонымен бірге нақты білім беру сценарийлерінде қолдану үшін жаңа түсініктер мен перспективалар береді. Медианың қазақ тілін үйренуге әсерін талдау бізге тілдік оқытудың мәдени аспектілерін түсінуге және осы саладағы заманауи үрдістерді анықтауға көмектеседі. Зерттеу сонымен қатар медиа және білім беру теорияларын қолдану аясын кеңейтеді, медиа-ресурстарды пайдалануға бағытталған тілдік оқытудың жаңа трендтерін қалыптастыруға үлес қосады. Сайып келгенде, біздің зерттеуіміздің нәтижелері қазақ тілін үйрену процесінде медианы тиімді пайдалану үшін теориялық негізделген және іс жүзінде маңызды ұсыныстарды қорытындылайды.
Қоғам өмірінің айнасы болып табылатын БАҚ ондағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, спорт, өнер, кино, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы барлық қордаланған проблемаларды жұртшылық назарына ұсынатын да, қандай да бір ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді көпшілікке таныстырып жеткізетін де әмбебап құрал болып саналады. Қазіргі уақытта медианың күнделікті өмірге әсері кең тарала бастаған кезде, заманауи медиа ресурстарын пайдалану қазақ тілін үйрену барысында маңызды құралға айналуда.
Қазақ тілін үйренуге арналған ең танымал медиа-көздер: әлеуметтік желілер (71,9%), подкастілер (56,3%) және онлайн-журналдар мен жаңалықтар порталдары (31,3%) болып табылады. Бұл дереккөздер тілді меңгерудің әртүрлі деңгейлері мен тіл үйренушілердің қызығушылықтарына бейімделетін мазмұнның кең ауқымын ұсынады. Сауалнама сонымен қатар кейбір адамдар теледидар (18,8%) мен радио (6,3%) сияқты дәстүрлі медиа көздерін пайдалануды таңдайтынын көрсетті. Жалпы, сауалнама нәтижелері медиа кеңестік қазақ тілін үйренудің тиімді құралы екенін көрсетеді. Респонденттердің көпшілігі (53,1%) қазақ тілін үйрену үшін жаңа медиа-ресурстарды пайдалануға мүдделі екендігін көрсетеді. Нақты бағдарламалар мен подкасттарға қатысты респонденттердің 43% - ы "Тамаша жыл" - The Big Year, "Біртүрлі қыздар", Howtostudy, Eki kese / "Қазақша подкаст", qazaqgrammar және т.б. атап өтті.
Осылайша, осы әртүрлі медиа нысандары мен оқыту әдістерінің тиімді өзара іс- қимылы қазақ тілін үйренуге кешенді және серпінді көзқарасқа ықпал етеді. Бұл білім беру процесін тиімді ғана емес, сонымен қатар тілдік даярлықтың әртүрлі деңгейлеріндегі студенттерді ынталандырады. Медиа мен қазақ тілін оқытудың табысты өзара іс-қимылының маңызды құрамдас бөлігі тілдік білімге инновациялық технологияларды енгізу болып табылады. Жасанды интеллектіні пайдалану, бейімделген білім беру платформалары және жекелендірілген оқыту бағдарламалары сияқты заманауи әдістер білім беру тәжірибесін жекелендіруді айтарлықтай жақсарта алады.
Қорытындылай келе, бұқаралық ақпарат құралдарының қазақ тіліне әсері оң және теріс салдары бар күрделі мәселе болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдары қазақ тілін насихаттау мен сақтауда шешуші рөл атқарғаны сөзсіз, шет тілдерінің үстемдігі мен жаһандық мәдени нормаларды қабылдау қиындықтар туғызады.
Мүдделі тараптар, соның ішінде медиа ұйымдар, білім беру мекемелері және үкімет үшін қазақ тілінің тарихи және мәдени маңыздылығын сақтай отырып, оның өсуі мен дамуына мүмкіндік беретін тепе-теңдікті сақтау үшін бірлесіп жұмыс істеу өте маңызды. Осындай ынтымақтастықтың арқасында ғана бұқаралық ақпарат құралдары болашақ ұрпақ үшін оның тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, қазақ тіліне оң әсерін тигізе алады.
Библиографиялық тізім: - Байболат Л.Б. Мультимедианың қазақ тілін оқытудағы тиімділігі. 2021. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университетінің Хабаршысы, (1 (50)):122-127.
- Ерменбаева Л. Қазақ тілін оnline технологиялар арқылы оқыту өзектілігі. Алматы, ҚМЭБИ, 2012.
- Жақсылықова К.Б. Ақпараттық технологияны кәсіби қазақ тілін оқытуда тиімді қолдану мүмкіндіктері жайында. Алматы, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық университеті. [Электрондық ресурс.] Алынған дереккөзі https://dspace.enu.kz/jspui/bitstream/data/4428/1/akparattyk-technologiyany-kasibi- kazakh-tilin-okytuda-tiimdi-koldanu.pdf
- Serikbayeva, S. (2018). Influence of popular Kazakh music on students’ motivation to learn Kazakh language. Astana, NU. Retrieved from http://nur.nu.edu.kz/handle/123456789/3673
- Kashkinbayeva, A.T. (2019). Evaluation the Role of Media and Language Policy in the Stabilization of Interethnic Relations at the Present Stage: The Example of a Multinational Kazakhstan. Journal of Advanced Research in Law and Economics, Volume X, Summer, 3(41): 778-786.
- Алкебаева Д.А., Саткенова Ж.Б., Қоңырбекова Т.О. (2021). Әлеуметтік желілердегі қазақ тіліндегі өзгерістер. Алматы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. [Электрондық ресурс.] Алынған дереккөзі https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/3346
- Absattar, A., Mambetova, M. & Zhubay, O. (2022). The potential of emotive language to influence the understanding of textual information in media coverage. Humanit Soc Sci Commun 9, 222. Retrieved from https://doi.org/10.1057/s41599-022-01232-2
- Айтбаев Ө.А., Момынова Б.К., Ерназарова З.Ш. (2019) Қазіргі қазақ медиа- мәтінінің прагматикасы. Алматы, 2019. [Электрондық ресурс.] Алынған дереккөзі https://malimetter.kz/kazirgi-kazak-media-matininin-pragmatikasy
- Иманқұлов М., Усупбаева А., Текімбаева А., Данилова Н., Штурхетский С. Кожобекова Б. Медиа ақпараттық сауаттылық. 3000. ISBN 978-9967-11-656-6