Қазіргі уакытта Бұл жұмысымызда смартфондардың
жылжытатын мәтіндер негізіндегі коммуникативті стратегиялар мен тактикалар қарастырылған.
Коммуникативті стратегиялар мен тактикалар – кез келген адамға әсер ету құралдарының бірі. Казіргі таңда смартфондар жиі қолданылатыны белгілі, сонымен қатар олардың нарықтағы бәсекелестік орны да үлкен. Ұялы телефонды жылжыту мәтіндерінде коммуникативті стратегиялар мен тактикалардың қолданылуы лексикалық аспектіге жатады.
Коммуникативті стратегиялар мен тактикаларды Эллингсворт, Кливенгер (1967), Демьянков (1982), Тен Ван Дейк (1983), Юм (1985), Сухих (1986), Неулиеп, Маттсон (1990), Чжан (1990), Иссерс (1999) ғалымдар зерттегені белгілі [1].
О.С. Иссерстің [1] ойынша, коммуникативті стратегия дегеніміз сөйлеу әрекеттерінің кешені болып табылады, коммуникативтік мақсатқа жету үшін сөйлеу әрекеті, әрі коммуникативтік тактика – кез келген стратегияны жүзеге асыратын әрекеті болады [1]. А.А. Тертычный зерттеуіне сүйенсек [2], коммуникативті стратегияның өзіндік мақсаты және тақырыбы бар.
Зерттеу пәні ретінде коммуникативті стратегия мен тактикаларының лексикалық аспектісін қарастыра отырып, мобильді телефондардағы мүмкіндіктерін қарастырамыз. Мобильді құрылғыларды жылжытатын мәтіндерде жарнамада қолданылатын тактика болып табылады, бұл адамның жеке мүмкіндігінің өзгеруі. Бұл тактика адамның қажеттіліктеріне әсер етуді білдіреді. Оның ерекшеліктері: оқырмандармен байланыс жасау үшін сен, сенікі деген есімдіктерін қолдануы, мысалы сіздің сүйікті жиһазыңыз; жылжытқан тауардың маңыздылығын білдіру үшін бағалау ретінде сөздер қолдануы ("МТС. Сіз
армандайтынбайланыс") [1:232-234].
Xiaomi және Apple жылжыту мәтіндерінде [3-4] қолданылған тәсілдері әртүрлі. iPhone 15 Pro оқырмандармен байланысын былай жасайды:
"Жаңа мүмкіндіктердің көптігіне қарамастан, iPhone 15 Pro аккумулятор сыйымдылығы сіз үшін керемет екен"; "Төтенше жағдайда iPhone сізді қорғайды"; "Оның камерасымен сіз ең батыл фотосуреттерді түсіре аласыз". Тауардың маңыздылығына күрделі сын есімдер мен асырмалы шырай формалар арқылы көңіл аударылады: "
A17 Pro: процессорлар дамудың жаңа деңгейі. Керемет өнімділік. iPhone 15 Pro корпусы Қызылжұлдыз планетасына ұшып барған ғарыш аппаратта пайдаланатын титаннан жасалған, бұл аэроғарыштық титан корпусымен алғашқы iPhone. iPhone 15 Pro iPhone тарихындағы ең үлкен оптикалық ұлғаюға ие. 48 мегапиксель камерасы ең тамаша. Енді сапасы бойынша ең жоғары фотосуреттерді түсіруге болады". Парцелляция және қайталау көркемдік құрал ретінде қолданылады: "
Титан. Өте берік. Өте жеңіл. Кәсіби. Батарея сыйымдылығы да кәсіби деңгейде". Мәтіндегі бір көрнекті ерекшелігі бар: Pro
(кәсіби)деген сөз екі рет қолданылады, бұл сөз iPhone 15 Pro-ның негізгі бейнесі болып табылады. Телефонының қоршаған ортаға зиянсыздығын recycled
(қайта жасалған) сын есімі білдіреді:
"iPhone өмірді өзгертуге арналған.
iPhone 15 Pro корпусы 100% қайта өңделген алюминийден жасалған" Xiaomi 14 Ultra жылжытатын мәтінде императивтік сөйлемдер және оқырмандармен байланысын жасайтын формалары қолданылады:
"Ең жаңа 80 Ватт зарядтау сымсыз жүйесі. Смартфонды тез зарядтаңыз. Кәсіби шығармашылыққа ұмтылыңыз. Әсерлі макро-суреттерден ләззат алыңыз". Телефонның құндылығын сапалық сын есімдер білдереді:
"Snapdragon 8 процессоры. Ең жоғары өнімділік және энергия тиімділігі. Екі классикалық түс. Талғампаздық мұрасы. Корпус вегетариандық, экологиялық таза наноматериалынан жасалған. Корпусы бұзылмайды, ол ластануға төзімді".
Legend (аңыз)cөзі төрт рет қолданылады:
"Аңызға айналған линза, аңызға айналған дизайн, аңызға айналған флагмандық дисплей, аңызға айналған суреттер". Xiaomi смартфонының камера артықшылықтарына назар аударылады:
"Камерасы – мобильді оптика жоғарғы саты. Кез келген қашықтықтан керемет суреттер. Кәсіби шығармашылыққа ұмтылыңыз. Әр түрлі шығармашылық сұраныстарды қанағаттандырыңыз. Әрбір сурет жауһар болады. Макро-фотолар түсіріп, тамашалаңыз". Осылайша, Xiaomi және Apple жасаған жылжытатын мәтіндерінің өзара айырмашылықтары бар. Xiaomi 14 Ultra мәтіне қарағанда, iPhone 15 Pro жылжытатын мәтіні стилистикалық жағынан тым экспрессивті. Xiaomi 14 Ultra кәсіби фото түсіруге арналған, ал iPhone болса, ойындар мен фото түсіруге арналған, сол себептен бұл смартфон кең аудиторияға арналған.
Библиографиялық тізім: - Иссерс О.С. Коммуникативные стратегии и тактики русской речи. Омск: Омский университет, 2008. 284 с.
- Тертычный А.А.. Коммуникативные стратегии и журналистский текст. Вестник Московского университета. Серия 10. Журналистика. 2006, No 4. 93-104 с.
- Xiaomi 14 Ultra. [Электрондық ресурс.] Алынған дереккөзі: https://www.mi.com/global/product/xiaomi-14-ultra/
- Apple iPhone 15 Pro. [Электрондық ресурс.] Алынған дереккөзі: https://www.apple.com/iphone-15/