PR және медиа саласының кәсіби мамандарының қауымдастығы (APRM) Қазақстандағы PR және медиа саласында еңбек ететін мамандардан мүшелікке өтінім қабылдауды бастады.
Егер сіз саланың дамуына үлес қосқыңыз келсе, беделді кәсіби ортада тәжірибе арттырып, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуді қаласаңыз -бізге қосылыңыз!
APRM-ға мүше болудың 3 басты себебі:
1. Саланың ортақ құндылықтары мен мүдделерін ілгерілететін мықты кәсіби қауымдастықтың бөлігі болу;
2. Білім беру, зерттеу және салалық бастамаларға қатысу мүмкіндігі;
3. Кәсіби беделді арттырып, мансаптық өсуге жол ашу.
Өтінімдер 2025 жылғы 13 тамыздан бастап қабылданады.
Ресми сайт: https://aprm.kz